«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысы еліміздің барлық өңірінде басталды.
Маусымның ашылуы аясында экология саласындағы жетекші сарапшылардан пікірталас, семинар-практикумдар, білім беру сессиялары мен мастер-кластар түрінде тақырыптық алаңдар өтті.
«Жасыл ел» жасақтарының қызметіне 16-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.
Айта кетейік, 2021 жылы жасаққа 30 000-нан астам жастар жұмысқа орналастырылды. Осы жылы да Қазақстан бойынша 30 мыңнан астам жасты жұмысқа тарту жоспарлануда.